«Atyrau Puzzle Day»: Жастардың логикалық бәсекесі

«Atyrau Puzzle Day»: Жастардың логикалық бәсекесі

Жастар онкүндігі аясында өтетін кезекті іс-шара – «Atyrau Puzzle Day» атты облыстық пазл құрастыру сайысы. Интеллектуалдық ойын өңір жастарының логикалық ойлау қабілеті мен зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.

Сайыс шарты бойынша 14–35 жас аралығындағы 5 адамнан құралған команда қатыса алады. Қатысушылар 500 элементтен тұратын күрделі пазлды шектеулі уақыт ішінде жинауы тиіс. Жүлде қоры: 300 000 теңге.

Сайысқа қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Тіркелу сілтемесі @jetijargy Instagram парақшасында көрсетілген.

Өтетін орны: Абай атындағы оқушылар сарайы
Өтетін күні: 18 тамыз, сағат 19:00

Байланыс телефоны: +7 (775) 313-90-12

Еске салайық, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен 12 тамыз - Халықаралық Жастар күніне орай жастар онкүндігі өтеді. «Atyrau Puzzle Day» сайысын «Жеті Жарғы» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.