Өңір жастарының білім деңгейін көтеру және зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында «Atyrau Quiz» финалдық ойыны өтеді.
Интеллектуалдық сайысты жастар онкүндігі аясында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жеті Жарғы» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.
Финалдық кезеңге Атырау қаласы және облыстың 7 ауданында өткен іріктеуінде 1, 2, 3 және 4 орын алған үздік командалар қатыса алады. Қатысушылардың жасы 14 пен 35 жас аралығын қамтиды. Әр команда құрамында 4–9 адамнан болуы тиіс.
Өтетін орны: Абай атындағы оқушылар сарайы
Өтетін күні: 11 тамыз, сағат 19:00