Биыл заңды некеге тұрып, жаңадан отау құрған жас жұбайларға арналған тегін психологиялық тренинг ұйымдастырылады.
Іс-шараның мақсаты – отбасы институтын нығайту, жас отбасылар арасында сенім мен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас орнатуға көмектесу.
Тренингті тәжірибелі психолог Шынар Тукенова жүргізіп, отбасыдағы қарым-қатынас, түсіністік пен сенім туралы пайдалы ақпарат береді.
9-10 тамыз күндері, сағат 15:00-де өтетін тренингке қатысушылар өздеріне ыңғайлы бір күнді таңдап, тіркеле алады.
Өтетін орны: Азаматтық орталық, Құрманғазы көшесі, 12Б
Тренингке қатысу үшін алдын ала тіркелу міндетті. Сондай-ақ, қатысушы жұптар шараға бірге келуі тиіс. Тіркелу үшін және қосымша ақпарат бойынша: +7(702) 651-16-76
Отбасылық өмірді берік негізде бастауға бағытталған бұл тренинг жас жұбайлар үшін өмірлік маңызды дағдыларды қалыптастыруға зор мүмкіндік болмақ.