Басқарма басшысы Гүлнұр Сүйеуова «Atyrau Youth Fellowship» жобасы аясында Түркия және Ұлыбритания елдерінде өткен стади-турдан оралған жастарды қабылдады.
Кездесуде жастар шетелдік сапардан алған әсерлерімен, көшбасшылық пен азаматтық белсенділік бағытында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті.
Сапар барысында олар жетекші үкіметтік емес ұйымдар мен әлеуметтік кәсіпорындардың жұмысымен танысып, халықаралық сарапшылармен кездесті. Жастар өз кезегінде бұл тәжірибенің тек жеке дамуға ғана емес, өңірлік жобаларды жетілдіруге де оң әсер ететінін атап өтті.
Жоба Атырау облысының Ішкі саясат басқармасының және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен, «Әлеуметтік бағдарламалар мен инвестициялар қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен іске асты.