12 тамыз – Халықаралық Жастар күніне орай тамыз айының 10-ы мен 24і аралығында облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жастар онкүндігі өтеді.
Фестиваль аясында өңір жастарына арналған заманауи, креативті форматтағы мәдени және танымдық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Бағдарлама жастардың сұранысына сай жасақталып, белсенділік пен шығармашылықты дамытуға бағытталған.
Оның қатарында, «AJF Cyber 2025» – киберспорт турнирі, «Ulttyq Cover» – ән байқауы, поэзия кеші, «Atyrau Youth Dance» – би жарысы, «TungiRun» – түнгі жүгіру марафоны, шеберлік сағаттары және кітап сүйер жастарға арналған әдеби басқосу шаралары бар.
Фестиваль аясындағы барлық шараларға өңір жастары еркін қатыса алады. Жоспарланған іс-шаралар жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, бос уақытын тиімді өткізуге және мәдени белсенділігін арттыруды көздейді.
Фестиваль жайлы толық ақпарат пен жаңалықтар – @atyrau_jastary Instagram парақшасында жарияланады.
Барша атыраулық жастарды фестиваль аясындағы мазмұнды әрі серпінді іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз!