
26-27 шілде күндері «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебі аясында «Жасанды интеллект көмегімен құжат жасау» атты екі күндік оқыту курсы өтті.
Оқыту барысында қатысушылар жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, құжаттар мен мәтіндерді оңтайлы әзірлеу, автоматтандыру және заманауи цифрлық шешімдерді қолдану бағытында тәжірибелік білім алды.
Курстың тренері – веб-әзірлеуші, интернет-жобалар авторы, IT саласының маманы Аршат Оразов. Ол қатысушыларға жасанды интеллекттің практикалық мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндіріп, интерактивті форматта сабақ жүргізді.
Аталған курс жас көшбасшылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларды күнделікті жұмыс пен қоғамдық қызметте тиімді қолдануға жол ашты деген сенімдеміз.