Бүгінде азаматтық белсенділік – қоғамның дамуын, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ететін маңызды құрал. Әр азаматтың құқықтық сауаттылығы мен қоғамдық бақылауға белсене қатысуы – еліміздің жарқын болашағының кепілі!
Осыған орай, өңірде азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтар арасында қоғамдық бақылау мәдениетін дамыту мақсатында «Қоғам дауысы» жобасы бастау алды.
Жоба аясында облыстағы өзекті мәселелерді ортаға салу мақсатында «Talkylaw» подкасттар сериясы, азаматтық қоғам өкілдеріне арналған семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылып, қоғамдық бақылау және құқықтық мәдениет туралы пайдалы ақпарат ұсынылады.
Бұл жобаны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «4 билік» Атырау журналистер одағы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.
@atyrau.qd парақшасына тіркеліп, жобамен бірге болуға шақырамыз! Сіздің даусыңыз — қоғамның дауысы!