Атырауда «DEMEÝ» облыстық волонтерлер конкурсына өтінім қабылдау басталды

Атырауда «DEMEÝ» облыстық волонтерлер конкурсына өтінім қабылдау басталды

14 шілдеден бастап жасы 35-тен асқан волонтерлер мен волонтерлік топтарды қолдауға бағытталған «DEMEÝ» облыстық конкурсына өтінім қабылдау басталды.

Мақсаты – әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген волонтерлер мен волонтерлік топтарды ынталандырып, азаматтық белсенділікті арттыру және әлеуметтік маңызды бастамаларды қолдау.

Конкурсқа Атырау облысы аумағында қызмет ететін волонтер (жеке тұлға) немесе волонтерлік ұйым қатыса алады. Өтінім Конкурс ережесіндегі №1, №2 және №3 қосымшаларға сәйкес рәсімделуі қажет. Сондай-ақ, жоба туралы көлемі 5 беттен аспайтын презентация дайындалуы тиіс.

Конкурстың толық ережесін Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-нің ресми сайтынан немесе көрсетілген сілтеме арқылы біле аласыз: https://atyraunpo.kz/kz 

Өтінім 2025 жылдың 14 шілде мен 13 тамыз аралығында demey.gcenter2025@gmail.com электрондық поштасында қабылданады.

Өтінімдер арнайы комиссия арқылы қаралып, үздік деп танылған 6 волонтерлік жобаның әрқайсысына 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмерлері: 8(701) 521-54-06; 8(778) 860-41-43; 8(778) 777-89-94

Айта кетейік, «DEMEY» конкурсы - облыстық Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2022 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.