«AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен көрнекті ақын, жазушы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай облыс жастары арасында әдеби байқау өтеді.
⠀
Мақсаты: Ж.Нәжімеденовтің әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға қолдау көрсету және кітап оқу мәдениеті мен рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
⠀
Байқау поэзия және проза сынды екі номинация бойынша өтеді. Төменде көрсетілген тақырыптар ұсынылады:
«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қарапайым еңбек адамының болмысын ашу және еңбек құндылықтарын дәріптеу;
Жас ұрпақты білім мен ғылымға ұмтылуға, ана тілін, ел тарихын қадірлеуге үндеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
⠀
Шығарма көлемі поэзия бойынша 15 беттен, проза номинациясында 25 беттен аспауы тиіс. Байқау жұмыстары А4 форматында, Times New Roman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі қажет.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
– Жасы 18-ден 45 жасқа дейін;
– Байқауға бұрын жарияланбаған, тек қазақ тіліндегі жұмыстар қабылданады;
– Бір қатысушы тек бір номинация бойынша қатыса алады.
⠀⠀
Шығармалар 2025 жылы 17 маусымнан 16 тамызға дейін Baikau_2025@mail.ru электрондық поштасында қабылданады.
Қаламы жүйрік, ойы ұшқыр жас қаламгерлерді белсенді қатысуға шақырамыз!