Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын хабарлайды.
Грант берудің мақсаты - белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау.
2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант беріледі. Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда)
Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.
Грант мынадай 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:
Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 18 тамыз аралығында (бұл ретте, а.ж. 18 тамыз, сағ.: 24:00-ге дейін) t.urpaktary25@gmail.com электронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-12-78, 8 706-618-07-23 (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).
Толығырақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтынан немесе https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1018055?lang=kk сілтемемесіне өту арқылы біле аласыздар.