Атырауда «Жасыл ел» жобасының ХХІ маусымы салтанатты түрде ашылды

Атырауда «Жасыл ел» жобасының ХХІ маусымы салтанатты түрде ашылды

Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы ХХІ еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиында жаңа еңбек маусымына арналған жоспар таныстырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Биыл сарбаздар үшін экологиялық, мәдени және танымдық бағыттағы шаралар ұйымдастырылады.

«Жасыл ел» – бұл жастарға еңбек арқылы тәрбие беретін, табиғатты аялауға үндейтін және өңірдің көркеюіне үлес қосатын бірегей жоба. Оны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Инфо Орталық» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша 1000 жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарлануда. Маусым айының 2-нен бастап 329 сарбаз жұмысын бастады.

Жастардың тарапынан жобаға деген қызығушылық жоғары: 17 маусымдағы мәлімет бойынша 2166 жастан өтінім түсті.