Облыстық Ішкі саясат басқармасы, Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Мақсаты - белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау.
2025 жылы облыстық деңгейде 1 млн. теңгеден 18 грант берілетін болады. Грантқа 14 пен 35 жас аралығындағы Атырау облысының тұрғыны үміткер бола алады.
Грант төмендегі 6 бағыт бойынша беріледі:
Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 6 шілде аралығында төмендегі сілтеме арқылы қабылданады: https://forms.gle/3nXDoXf9Ea6pFQTZ9
Ескерту: Биыл өтетін байқауға 2022, 2023, 2024 жылдары өткен Атырау облысы жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауының жеңімпаздары қатыса алмайды!
Қосымша сұрақтар бойынша: 8(702) 188-28-17