Құлсары қаласында мемлекеттік Әнұран сөзінің авторы Жұмекен Нәжмеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Мемлекеттік Рәміздер — ұлт мақтанышы» атты облыстық форум өтті.
Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма басшысы Гүлдана Аргенова мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен мәніне, оны құрметтеу және дәріптеуге терең тоқталды.
Сондай-ақ аудан азаматтары мен жастары Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың алғыс хатымен марапатталды.
Қатысушылар форумды Ақкегершін үстіртінде тимбилдингпен аяқтады.