Атыраулық медицина қызметкерлері арасында QUIZ ойыны өтті

Атыраулық медицина қызметкерлері арасында QUIZ ойыны өтті

Облыстық Ішкі саясат басқармасының Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы мен «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыстық «MedQuiz» зияткерлік сайысы өтті.

Іс-шараға әртүрлі мекемелерден жиналған 23 командадан 115 жас қызметкерді қамтыды.

Сайыс мақсаты: медицина қызметкерлерінің күніне орай, 35 жасқа дейінгі жас медицина қызметкерлер арасында ынтымақтастықты нығайту, кәсіби білім мен тәжірибені арттыру.

Ойын алты кезеңді қамтып, оның ішінде екі кезең толықтай медицина саласына қатысты сұрақтарды қамтыды.

Үздіктердің үздігі ретінде:
I орынды - Атырау облыстық онкологиялық диспансері ұжымының «Адреналин» командасы;
II орынды - №2 Атырау қалалық емханасы ұжымының «Пульс» командасы;
III орынды - Қалалық перзентханасы ұжысының «Схватка за победу» командасы иеленді.

Ақ халатты абзал жандардың тек емдеуде ғана емес, зияткерлік жарыста да алда екенін бүгінгі MedQUIZ сайысы айқын көрсетті.