Биыл «TOMIRIS» бағдарламасына 129 өтінім түсті

Биыл «TOMIRIS» бағдарламасына 129 өтінім түсті

Атырауда өңірдің қыз-келіншектеріне арналған «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру бағдарламасы өтуде. Жобаның алғашқы күні қатысушылар үшін тиімді коммуникация мен сенімді қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған тренингтермен басталды.

13 маусымға дейін жалғасатын жоба - еліміздің жетекші сарапшылары өткізетін семинар-тренингтер мен шеберлік сабақтарынан тұрады.

«TOMIRIS» – тек білім беру емес, елдің саяси өміріне қыз-келіншектердің белсенді қатысуына жол ашатын платформа.

Биыл жобаға қатысу үшін облыс бойынша қоғамдық өмірде белсенді, әр түрлі салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерден 129 өтінім түсіп, 50 қатысушы іріктелді.

«Tomiris» – 2023 жылдан бастап өткізіліп келеді. Жобаны облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен, «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.