Атырауда «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебі аясында жоба қатысушыларына арналған екі күндік лагерь өтті.
⠀
Лагерь барысында қатысушылар психикалық денсаулық, уақытты тиімді басқару, білім беру тобының жұмысы және жеке бренд қалыптастыру бағыттарында тәжірибелі тренерлерден білім алды.
⠀
Сонымен қатар, командалық қарым-қатынасты нығайтуға арналған тимбилдинг шаралары ұйымдастырылды. Бұл – жас көшбасшылардың өзара байланысын арттырып, топта жұмыс істеу қабілетін дамытудың тиімді құралы болды.
Айта кетейік, аталған жоба – жас мамандардың саяси сауаттылығы мен кәсіби біліктілігін арттырып, олардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге белсенді қатысуына жағдай жасауды көздейді.