Атырауда шығармашылық хаб ашылды

Атырауда шығармашылық хаб ашылды

Облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Key Transform» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Атырау қаласында жаңа шығармашылық кеңістік — Atyrau Creative Hub өз жұмысын бастады.

Atyrau Creative Hub — өңірдегі шығармашыл жастар мен кәсіби мамандарға арналған ортақ алаң. Хаб кітапхана, фотостудия, конференция залы және басқа да шығармашылық кабинеттермен жабдықталған.

Жобаның басты мақсаты — Атырау жастарын қолдап, креативті индустрияның дамуына серпін беру. Хаб шығармашылықты, кәсіпкерлік, білім және жергілікті қауымдастықты дамыту бағыттарын қамтиды.

Ашылу салтанаты аясында жергілікті қолөнершілер мен шағын кәсіп иелерінің өнімдері ұсынылатын авторлық жәрмеңке, Атырау актерлері мен режиссерлері дайындаған ерекше музыкалық бағдарлама, BookCrossing және әдеби квиз Shyraq шығармашылық тобы ұйымдастырған кітап алмасу шарасы мен әдеби викторина ұйымдастырылды.