4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!
Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен тәуелсіз ел ретіндегі тұғырын айшықтайтын күн.
Ту – еркіндігіміздің бейнесі, Елтаңба – елдігіміздің айғағы, Гимн – рухымыздың үні. Олар – ұлттың біртұтастығын, ел мен жерге деген сүйіспеншілікті білдіретін қасиетті құндылықтар.
Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет – Отанға деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Оларды ардақтау – әр азаматтың қасиетті парызы.
Еліміздің рухы асқақ, тұғыры биік болсын! Тәуелсіздігіміздің туы мәңгі желбіресін!