Атырау қаласында жастарды жұмысшы және техникалық мамандықтарға баулуды мақсат еткен «Isker Adamdar» жобасы өз жұмысын бастайды. Жобаның негізгі мақсаты – 18 бен 35 жас аралығындағы NEET санатындағы жастарға кәсіби бағыт-бағдар беріп, оларды еңбек нарығына бейімдеу.
200 жасты қамтуды көздеген жобаның негізгі бағыттары:
Жобаға қатысу үшін жастар Instagram әлеуметтік желісіндегі @Isker_аdamdar парақшасына кіріп, био бөлімінде көрсетілген сілтеме арқылы онлайн сауалнаманы толтыруы қажет.
Айта кетейік, «Isker Adamdar» жобасы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Қоғамдық денсаулық сақтау институты» жекеменшік мекемесінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылады.