Атырау облыстық Жайдарман ойындарының «Көктем-2025» фестивалі өтеді

Атырау облыстық Жайдарман ойындарының «Көктем-2025» фестивалі өтеді

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыстық Жайдарман ойындарының «Көктем-2025» фестивалі өтеді. Шара барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй, жарқын эмоциялар мен шынайы әзілдер ұсынылады.

Іс-шара 27 мамыр күні, сағат 19:00-де Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтеді. Кіру – тегін.

Бұл — қатысушы командалар үшін өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік.

Қатысу шарттары мен толық ақпаратты төмендегі байланыс нөмірі арқылы білуге болады: +7 (778) 702-47-92

Айта кетейік, облыста Жайдарман ойындарының «Маусымашар-2025» фестивалі маусым айында басталады. Фестиваль бойынша толық ақпарат @atyrau_kvn Instagram парақшасында.