2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады.
⠀
Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.
⠀
Конкурсқа Қазақстан Республикасының он төрт жастан бастап, отыз бес жасқа дейінгі (34 жас қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.
⠀
Гранттар 6 бағыт бойынша беріледі:
⠀
«Ғылым»
«Мәдениет»
«Ақпараттық технологиялар»
«Бизнес»
«Медиа»
«Волонтерлік»
⠀
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2024 жылғы 05 тамыз бен 06 қазан аралығында t.urpaktary2024@mail.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.
⠀
Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78