«Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылау басқармасына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына және қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шарасы нәтижесі бойынша баспасөз-релизі

«Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылау басқармасына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына және қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шарасы нәтижесі бойынша баспасөз-релизі

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылғы 31 наурызында «Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылау басқармасына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына және қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды.

Аудиторлық іс-шара нәтижесімен 11 485,7 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар          49,3 мың теңге. Атап айтқанда, іссапар бұйрығы жасақталынбай, негізсіз төлем жүргізілген, салықтар мен төлемдер уақытылы және толық ұстап қалмаған және қаржылық есептілік бұрмаланған.

Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 11 040,0 мың теңге. Аталған бұзушылық жоспарланған соманы мемлекеттік сатып алуда сәйкес емес бағаға орналастыруынан және жоспарланған сомада мемлекеттік сатып алулар өткізілмеуінен, негіздемесіз және тиімсіз жоспарланған.

Тиімсіз пайдаланған бюджет қаражатының сомасы 396,4 мың теңге.

Атап айтқанда, мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларының талаптары сақталмай, 1 жылға бекітілген заттай нормадан артық жұмсалған және негізгі құралдар пайдаланылмай жаңа күйде тұруы.

Сонымен қатар, 19 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Басқарманың жұмыс жоспары жасақталынбаған, Басқарма Ережесінің және кейбір функцияларының тиісті деңгейде жүргізілмегендігі белгілі болды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Басқарма басшысына әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылып, бюджетке 235,9 мың теңге айыппұл төленді. Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен ескерту түрінде шара алынды.

Комиссия отырысының қорытындысымен, Басқарма басшысына алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау үшін іс-шараларды атқаруға, анықталған бұзушылықтарды жою, лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.