2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары, өкілді органдары және Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі енгізілді.
Аталған жаңа жүйе бойынша Тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың ақпан айында Аппарат басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс жарияланып, «Е-қызмет» жүйесіндегі конкурстық комиссиясының 2025 жылғы 17 наурыздағы №3 хаттамасымен жеңімпаз анықталды.
Осы орайда, жеңімпаздың өтінішіне сәйкес, Тексеру комиссиясының Аппарат басшысы лауазымына 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап Ержан Тұрланұлы Нуралин тағайындалды.