
2026 жылғы 23 маусымда Тексеру комиссиясының төрағасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өткізіп, ұжым қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметтің ел мүддесіне адал қызмет етуді, жоғары жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап ететін мәртебелі міндет екендігін атап өтті. Сондай-ақ әрбір мемлекеттік қызметшінің заңға адалдығы, адамгершілік ұстанымы мен тазалығы халық сенімінің негізі екенін жеткізді.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) Алғыс хатымен Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Н.Дюсенгалиев марапатталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық спартакиадада үстел теннисінен үздік нәтиже көрсеткені үшін Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Анжановқа және киберспорттан жүлделі ІІ орын иеленген Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Н.Дюсенгалиевке Департаменттің арнайы дипломдары табысталды.
Сондай-ақ, көпжылдық адал еңбегі мен мемлекеттік қызмет саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен Мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы Г.Қайрошева марапатталды.