
2026 жылдың 3 сәуірінде Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының төрағалығымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының қатынасуымен Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сондай-ақ, ойын мекемесіне барудан тартыну мәселесін түсіндіру бағытында жиын өтті.
Жиын барысында басқарма басшысы әрбір қызметкердің парасатты мінез-құлық стандарттарын сақтауы – мемлекеттік аппараттың басты талабы екендігі жеткізіп, бюрократиялық кедергілерді жою, сонымен бірге ойын мекемелерінде құмар ойындарға не бәс тігуге қатыспау өзге де міндеттемелер және тыйымдар туралы атап өтті. Кейіннен сұрақтар қойылып, талқылаулар болды.