
2026 жылғы 6 наурызда Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтау шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында Тексеру комиссиясының төрағасы ұжымдағы ер-азаматтармен бірге нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй және еңбектеріне мол жетістік тіледі.
Мереке қарсаңында лауазымдық міндетін жоғары кәсіби деңгейде атқарғаны үшін Мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор - мемлекеттік аудиторы Л.Аққажиева Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Шара соңында ер-азаматтар ұжымдағы аруларға өлең жолдарын арнап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.