ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ!

ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ!

2025 жылдың 3 желтоқсанында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының бас инспектор – мемлекеттік аудиторы, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері Қайрошева Гүлпан Мұхитқызы «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттермен кездесті.

Кездесу барысында Гүлпан Мұхитқызы студенттерге Тексеру комиссиясының негізгі қызметі, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі, қаржылық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениеті, сондай-ақ жастардың кәсіби қалыптасуындағы басты құндылықтар туралы айтып өтті.

Кейіннен студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мемлекеттік қызметке қабылдану талаптары, кәсіби өсу мүмкіндіктері және қаржылық бақылау саласының ерекшеліктеріне қызығушылық танытты.