ИНДЕР АУДАНЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ!

ИНДЕР АУДАНЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ!

2025 жылдың 28 қараша күні Индер ауданында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.Анжанов және мемлекеттік аудит бөлімінің мемлекеттік аудиторы Ж.Айжарықов Тексеру комиссиясының             2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, өңірде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында ауданның білім беру ұйымдарының басшылары мен есепшілерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.