Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша шаралар қабылданды!

Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша шаралар қабылданды!

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы Атырау облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламалары мен облыстың автомобиль жолдарын салуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит қорытындысымен Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидасының талаптарына сай техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтитын автомобиль жолдарының паспорттарын қалыптастыру бойынша нұсқамамен тапсырма берілді.

Аудит объектісі тапсырма бойынша шаралар қабылдап, автомобиль жолдарының паспорттары жасақталды.

Аудиторлық қорытындылармен қамтылған Нұсқама тапсырмаларының орындалуы Тексеру комиссиясының бақылауында.