ЖОСПАРЛЫ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ!

ЖОСПАРЛЫ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ!

2025 жылдың 1 қазанында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлеріне арналған Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі және техникалық оқытуды жүргізу жоспарларына сәйкес, Тексеру комиссиясы төрағасы, комиссия мүшелері, аппарат қызметкерлерінің қатысумен Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және оларға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру шарасы, сондай-ақ «Ақпараттық технологиялар саласында тиімділік аудитін жүргізу» тақырыбында техникалық оқыту өткізілді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Тексеру комиссиясы төрағасы сөз сөйлеп, Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі ең басты және тиімді құрал – бұл адамның ішкі ұстанымы, адалдығы мен ой-ниетінің тазалығына деген сенімі. Мемлекеттік қызметші – қолданыстағы заңнаманы, мемлекеттік қызметке қойылатын талаптарды, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормаларын бұлжытпай сақтауы тиіс. Сол себепті әрбір қызметкер өз әрекетіне сын көзбен қарап, заңға ғана емес, ар-ожданға да сай қызмет етуі қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұл тұтас қоғамның, азаматтардың және де Тексеру комиссиясының әрбір қызметкерінің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі болуы тиіс. Сондықтан өз қызметімізге адал болып, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне қарсы тұру – біздің азаматтық және кәсіби борышымыз, – деп атап өтті.

Екінші мәселе бойынша сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспектор-заңгері Ә.Айтқожақова баяндама жасады. Кейіннен күн тәртібіндегі мәселелер аясында пікірталас, талқылаулар болды.