2025 жылғы 16 қыркүйекте Тексеру комиссиясының аппараты басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Е. Нуралин мемлекеттік қызметін тоқтатқаннан кейін қайтадан жұмысқа кірген мемлекеттік қызметшілерге арнап оқыту өткізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметте болуға байланысты заңнамада көзделген шектеулер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.