Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлеріне арналған техникалық оқытуды жүргізу жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 10 қыркүйек күні Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы, комиссия мүшелері, аппарат қызметкерлерінің қатысумен Бюджеттік инвестициялардың тиімділігіне мемлекеттік аудит, Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты қалыптастырудың және басқарудың тиімділігіне аудит жүргізу тақырыптарында техникалық оқыту өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес, Мемлекеттік аудит бөлімінің қызметшілері Р.Мұхтарова, А.Оңайғалиқызы жоғарыда аталған тақырыптар бойынша баяндама жасады.
Кейіннен баяндамашыларға сұрақтар қойылып, талқылаулар болды.