Тексеру комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай жиын өткізіп, барша әріптестерді мерекелерімен құттықтады.
Мемлекеттік қызметкерлер үшін Ата Заңның орны ерекше. Конституция – заңдылықты сақтау, әділдікті қамтамасыз ету жолындағы басты бағдар екені атап өтілді.
Осы шара аясында еңбегімен ерекшеленген Тексеру комиссиясы қызметкерлеріне Атырау облыстық мәслихаты төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының және Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының алғыс хаттары табысталды.