«Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 мекен-жайындағы ғимараттың 2-қабатында орналасқан мәжіліс залында, 2025 жылдың 12 тамыз күні сағат 15:00-де «Қызылқоға ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және құрылыс саласына бөлінген бюджет қаражаты мен қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өткізілетінін хабарлайды.