Облыс көлемінде алғаш рет "Әлеуметтік кеңсе” ғимараты ашылды

Облыс көлемінде алғаш рет "Әлеуметтік кеңсе” ғимараты ашылды

Мақат ауданында «Әлеуметтік кеңсе» ғимараты қолданысқа берілді.

Нысанның лентасын қию рәсімі облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабит Сүлейменұлына жолданды.

Ғимарат Еңбек мобильді орталығы, Отбасын қолдау орталығы, Отбасы банк және коммуналдық сала мекемелерінің кабинеттерімен толықтырылған.

- Әлеуметтік кеңсенің ашылуы — жергілікті халыққа сапалы қызмет көрсету және олардың өмірін жақсарту үшін үлкен қадам. Бұл халықтың әл-ауқатын арттыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді,- деді Ж. Бисембиев.

Жиын соңында аудан әкімі Азамат Мәмбетов «Әлеуметтік кеңсе» мен Атырау облысы Әділет департаментінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

- Әлеуметтік кеңсе аудан тұрғындарының тұрмыстық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру мәселелері бойынша сапалы қызмет алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл жоба – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудағы нақты қадамдардың бірі,- деді аудан әкімі Азамат Мәмбетов.

Шара соңында жаңа нысанның маңына ағаш көшеттері отырғызылды.