Аудан әкімі ауруханадағы балаларды құттықтады

Аудан әкімі ауруханадағы балаларды құттықтады

Жаңа жыл біреулер үшін жәй ғана күнтізбенің ауысуы болса да, балалардың асыға күтетін мерекесі. Аудан бойынша осыған дейін озат оқушыларға, ерекше балаларға арналған ертеңгіліктер өткен болатын. Өкінішке орай кейбір бүлдіршіндер көңілді мейрамды ауруханада қарсы алуға мәжбүр.

Оларды да назардан тыс қалдырмауды мақсат қылған аудан әкімі Ринат Ибрагимов ауруханаға арнайы барып құттықтап қайтты. Балалар өздерінің өнерін көрсетіп, Аяз ата мен Ақша қардан сыйлықтарға ие болды.