Доссорда кіші аяқ добынан облыстық турнир өтті

Доссорда кіші аяқ добынан облыстық турнир өтті

Таяуда Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ауданымызда футбол спорт түрінің дамуына үлес қосқан, облысқа танымал ардагер спортшы Жанайсов Ермек Төлегенұлын еске алуға арналған кіші аяқ добынан облыстық турнир ұйымдастырылды. Аталған байрақты бәсеке екі күнге созылып, алты команда, барлығы алпыс спортшы қатысты.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде III орынға «Доссор-1» командасы жайғасты. II орын жылыойлық «Әмірхан» және I орын жылыойлық «Қуан» командасына бұйырды. Ал Доссордың екінші құрамасына «Жеңіске деген жігері үшін» дипломы табысталды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан кубок, диплом және медальдармен марапатталды.