2021 жылдың 10 ақпан сағат 16.30.-да аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Шангалаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

2021 жылдың 10 ақпан сағат 16.30.-да аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Шангалаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

2021 жылдың 10 ақпан сағат 16.30.-да аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Шангалаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, полиция қызметкерлері, аудан прокурорының орынбасары, БАҚ өкілі қатысты.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша аудандық аурухана директорының орынбасары Б.Абленова баяндама жасады.

Аудан бойынша 15-18 жас аралығында барлығы 632 қыз бала тіркелген,  арнайы  штат кестесі бойынша  жауапты  маман бекітілген. Жыл сайын  жоспарлы түрде  скринингті тексерістер жоспарланып,  жүргізіліп отырады. 15 жастағы қыз балалар участкелік дәрігер, хирург, лор, невролог, окулист, эндокринолог мамандарымен қаралса,                                16 жастағылар тек участкелік дәрігер мен окулистпен, 17 жастағылар участкелік дәрігер, хирург, лор, невролог, окулист, эндокринолог мамандарымен қаралады. 2020 жыл бойынша 12 жасөспірім некеде тұрған.

           12 жасөспірімнің 11-і Доссор кентінде тіркелген, оның                              8-і тұрғылықты жері бойынша, 3 жасөспірім басқа елді мекендерден  келген. Макат кентінен 1 жасөспірім,басқа елді мекеннен келген (тұрмысқа шыққан). 2020 жылы мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары  карантинге байланысты жолға  қойылған жұмыстар жүргізілмеді. 2020 жылы Х.Санбаев, Л.Шахатов, М.Баймұханов мектептеріне семинар жүргізілді. Қазіргі таңда ерте жүктіліктің алдын алу бағытында Доссор кентінде семинарлар өткізілуде.

 

         Күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювиналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, полиция капитаны К.Серікбаева баяндама жасады.

          Ауданның орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларға қылмыстық жаза көзделгенін, яғни 16 жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынаста келісімнің болғаны өзінде қылмыстық жауапкершілік көзделгендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

         2020-2021 оқу жылында Мақат ауданы бойынша орта білім беру ұйымдарында оқитын жасөспірімдермен, мектеп әкімшілігімен және де аудандық  орталық ауруханасының гинекология бөлімінің өкілімен бірлесе отырып, әр тоқсанға жасақталған жоспарға сәйкес ZOOM арқылы онлайн режимінде кездесу ұйымдастырылып, «Ерте жастағы жүктілік зардабы», «Жыныстық қол сұғыспаушылық бойынша», «Ерте жүктіліктің алдын алу» және тағыда басқа тақырыптарда түсіндірме жұмыстары мен дәрістер, семинарлар өткізілуде.

Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде аудан бойынша кәмелетке толмағандар арасында  жыныстық тиіспеушілік  құқықтары бұзылған жоқ және  аудандық орталық ауруханасының гинекология бөлімімен ай сайын салыстырмалы акт жасақталған кезде                         2020 жылдын 12 айында 1-жасөспірім ерте жүктілікпен тіркелсе,                      2021 жылдың қаңтар айында  ерте жүктілік бойынша ешқандай жасөспірімдердің тіркелген тізімі болмады.

         Алдағы уақытта анықтамада көрсетілген фактілерді болдырмау мақсатында және қылмыстың алдын алу бағытында жұмыстар қатаң бақылауға алынатын болады.   

 

         Күн тәртібіндегі 3 мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювиналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, полиция капитаны К.Серікбаева баяндама жасады.

        

         2021 жылдың 30 қаңтар күні Атырау ОПД-нің нұсқауы бойынша Турция мемлекетінде дәріс алып жүрген оқушы жөнінде мәлімдеме келіп түскен.

         Аталған ұсыныс бойынша құжаттарды толтықтырып, келесі комиссия отырысына қарау жөнінде шешім шығарылды.

 

         Күн тәртібіндегі 4 мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювиналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, полиция капитаны К.Серікбаева баяндама жасады.

 

            2021 жылдың 24 қаңтар күні аудандық полиция бөлімінің                      102 арнасына азамат А. өзінің кәмелетке толмаған қызы М. сағат 21.00.-шамасында көше бойынан көріп, үйге баруын талап еткен кезде тыңдамай қойғанын айтып, хабар берді.

         Мән-жайды анықтау кезінде жасөспірімнің ата-анасы ажырасып кеткені, жасөспірім әкесінің жауапкершілігінде екендігін, анасына уақытша әкесінен сұранып кеткендігін айтты.

         Жоғарыда баяндалғандар негізінде, жасөспірімге ата-анасының тәрбие беру міндетіне жауапкершілікпен қарауларын, және жасөспірімнің келеңсіз жағдайларға ұшырамауының алдын алу мақсатында ата-аналарына қатысты тиісті шешім шығарып беру сұралады.

 

       Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, ұсыныстар жасалды.

       Комиссия қорытындысымен ерте жастан жүктіліктің алдын алу бағытында аталған санатпен есепке алынған жасөспірімдердің жағдайы толықтай зерделеніп, мәселе келесі комиссия отырысында қарау, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, соның ішінде педофилдік іс-әрекеттерді болдырмау бойынша туыстарымен, өгей ата-анасымен тұратын жасөспірімдердің жағдайы толық зерделеу жөнінде шешім шығарылды.

          Сонымен қатар, жасөспірім М. ата-анасына балаға психологиялық қысым көрсетпеу, жасөспірімнің қатысуымен артық әрекеттер жасамау, тәрбие беру мәселесіне назар аудару керектігі жөнінде ауызша ескерту берілді.