МАҚАТ АУДАНЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕЛІП, СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

МАҚАТ АУДАНЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕЛІП, СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА
«Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкін мәлімдеді», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
- Биыл Мақат ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 3 жоба жүзеге асырылуда. Соның негізінде Мақат кентінде көше жарығы құрылысы мен кентішілік автокөлік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, мұнда көпфункционалды спорттық кешен салыну үстінде, - деді Шәкір Кейкін.