Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

 

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының шығып қалған

депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

 

2025 жылғы 25 қыркүйекте Атырау облысы Мақат ауданында                               №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқанының барысында барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3 кандидат ұсынылды. Барлығы ер адамдар.

Кандидаттар өтініштерінде саяси партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.

Орташа жас - 40 жасты құрайды.

Кандидаттардың барлығы жоғары білімді.

Кандидаттардың 2-уі бюджеттік мекемелерде, 1-уі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша округтік сайлау комиссиясымен              тіркелген кандидат жоқ.

Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйек сағат 18:00-де.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 25 қазан күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

 

 

 

 

 

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы
Дата публикации
25 сентября 2025