Хабарландыру
Махамбет ауданы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2024 жылғы 17 мамырдағы №167 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту» туралы бойынша өтінімдердің қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау төтенше жағдай туындаған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Залалды өтеу туралы өтінімге қоса беріледі:
1) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі
2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі
Жер учаскесіне сәйкестендіру, құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда (мұндай құжат табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан немесе табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою кезеңінде жоғалған, бүлінген немесе жойылған жағдайда), жұмыс органы жер учаскесі бойынша деректерді жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен алуды дербес жүзеге асырады.
Мал шаруашылығы саласындағы төтенше жағдайдың салдарынан залал шеккен жеке және заңды тұлғалар осы 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша залалды өтеуге өтінім береді.Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін келтірілген залалды өтеу туралы өтінімді қабылдау табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады.
Залалды өтеу туралы өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар облыстың,республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы қолма қол не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында "Электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесі арқылы электрондық түрде беріледі. Залалды өтеу туралы өтінімді жеке тұлға не заңды тұлғаның басшысы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген адам беруі мүмкін.
Жұмыс органы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Жайық шұғыласы газетінің 50 жылдығы көшесі № 29 мекенжайында орналасқан «Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі болып табылады
Тел: 8(71236)79155, 8(71236) 79154
Эл. поштасы: makhambet_selhoz@ mail.ru