Су тасқынына қарсы штаб отырысы өтті

Су тасқынына қарсы штаб отырысы өтті
Махамбет ауданы әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың төрағалығымен су тасқынына қарсы штаб отырысы өтті.
Штаб отырысында аудан әкімі су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті орынбасарлары мен мекеме басшыларына бірқатар тапсырма берді.
Бүгінде аудандық төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудан тұрғындары, белсенділер, ерікті жастар тынымсыз жұмыс атқаруда. Су тасқынының алдын алу мақсатында штаб құрамымен кезекшілік ұйымдастырылды. Штаб түнгі мезгілде де тынымсыз қызмет етіп жатыр. Ахуал бақылауда.