Ел амандығы үшін құрбандық шалынды

Ел амандығы үшін құрбандық шалынды
Еліміздің әр аймағында су тасқынынан зардап шеккендерге Құран оқылып, аудан әкімінің атынан құрбан шалынды. Сауабын әруақтарға бағыштап, Алла Тағаладан адамзатқа игілік тілеп, ниет етілді.
— Елде төтенше жағдай. Осындайда бірлігімізді көрсетуіміз керек. Ел амандығы, жұрттың тыныштығы үшін құрбандық шалдық. Тілсіз жау өңірімізге жоламасын, шығынға ұшырамай аман-сау өтейік деген ниетпен Алла Тағаладан дұға-тілек тіледік. Лайым, Қазақ елі аман болып, бірлігіміз бекем, тірлігіміз көркем болғай!- деді аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев.
Қазіргі уақытта ауданда сақтық шаралары қамтылып, өр суынан қорғану бойынша қорғаныс дамбылары бекітілуде.