Құрметті Махамбеттіктер, жерлестер!

Құрметті Махамбеттіктер, жерлестер!
Аудан бойынша 15 жиналу-көшіру пункті құрылып, 94 еріктілер құрамы жасақталды. Техникалар саны – 28, су соратын мотопомпа – 12. Қосымша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы 6 мотопомпа сатып алынды. Сондай-ақ 11 дана төтенше жағдай кезінде халықты құлақтандыру, дабыл қағу құрылғысы орнатылып, дайындық режиміне келтірілді.
Тілсіз жаудың салдарымен күресіп, аудан бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізуде бәріміздің бірлігіміз бен ауызбіршілігіміздің сыналатын сәті. “Күшіміз – бірлікте”.
Махамбет ауданы тұрғындары!
Су тасқыны, су басу қаупі анықталған барлық жағдайларда құтқару қызметтеріне — 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз. Одан қала берді аудан әкімдігімен төтенше жағдайлар бөлімі өкілдерінің төменде көрсетілген жедел телефонға хабарлассаңыздар болады!
Сабит Борашев – 8777 500 00 10
Жандос Дүйсембаев – 8700 080 80 94
Сейтжан Құжырбаев – 8775 587 92 13
Алшынбек Мұқанғалиев – 8702 384 32 76
Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев