Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімімен тұрғындарға мемлекеттік қызметтер мен қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, субсидиялау бағыттары, ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу және есепке алу, сондай-ақ сала бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге қатысқан тұрғындар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі толық жауаптар алды.
Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және халықпен тікелей байланысты нығайту.