
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында 2016 жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсы белгіленді.
«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты- ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.
Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.
Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:
1) «Үздік еңбек әулеті» - бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.
Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының үш және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады;
3) «Өндірістің үздік жас маманы» - бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді платформа «Qamqor.enbek.kz» арқылы қабылдау 2026 жылдың 22 мамырдан бастап 1 шілдеге дейін.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:
Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Толық мәлімет пен кеңес Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, мекен-жайы: Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Жайық Шұғыласы газетінің 50 жылдығы көшесі, 31а ғимарат, тел.: 8 (71236)79040, Махамбет ауданы әкімдігінің веб-сайтында gov.kz алуыңызға болады.