
Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округінің сайланған әкіміне куәлік табысталды
2026 жылғы 3 наурызда Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында ауыл активінің жиналысы өтті.
Жиналыста Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Ж.Тұрдағали Махамбет ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мухамбеткалиев Бакытбек Жалгабаевичке әкім куәлігін табыстады.
Тікелей сайлау нәтижесінде Махамбет ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мухамбеткалиев Бакытбек Жалгабаевич 2026 жылдың
3 наурызынан бастап өз міндетін ресми түрде атқаруға кірісті.
Мухамбеткалиев Бакытбек Жалгабаевич 1984 жылы 6 қазанда Махамбет ауданы Махамбет ауылында дүниеге келген, әкім сайлауына өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.