
Құрметті сайлаушылар!
Дүниежүзілік сайлау күні -демократялық қоғамның негізін құрайтын сайлау институтының маңызын айқындайтын ерекше күн. Бұл күн азаматтардың сайлау құқықтарын қорғау, сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, сандай-ақ қоғамның саяси мәдениетін арттыру мақсатында аталып өтіледі.
Еліміз бойынша 2023 жылғы 2 ақпанынан бастап, 2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясы аясында бекітілген Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар Дүниежүзілік сайлау күнін құра отырып, бір ғана мақсатты - азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселелеріне назар аударуды көздеді.
Дүниежүзілік сайлау күні – әрбір азаматты ел тағдырына бейжай қарамауға, өз таңдауына жауапкершілікпен қарауға шақыратын маңызды күн. Демократиялық қоғамның дамуы азаматтардың сайлауға белсенді қатысуымен тығыз байланысты.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы атынан сайлау процесінің барлық қатысушыларын демократиялық дамудың негізгі элементі ретінде сайлау жүйесінің маңыздылығын атап өтуге арналған мерекемен құттықтаймын.
Аудан тұрғындарына белсенді азаматтық ұстаным, ал сайлауды ұйымдастырушыларға өз жұмысына кәсібилік, ашықтық және жауапкершілік тілеймін.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Ж.Тұрдағали