
Ағымдағы жылдың 6 ақпаны күні Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, сайлау саласында ұзақ жылдар еңбек еткен яғни, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болып еңбек еткен С.Шотпақов пен №215 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы болған Т.Сариева жас сайлаушылармен және жас сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында ардагерлер сайлау саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, қызықты сәттерін баяндады. Жастарға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді.