Орталық алаңда 25 қазан – Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары Асхат Аймұратов құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.
Салтанатты жиынға аудан әкімдігі, аудандық прократура, аудандық полиция бөлімі, аудандық маслихат, мекеме басшылары мен қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатынасты.
Махамбет жұртшылығы үшін бұл күн елдік пен бірліктің, тәуелсіздіктің символына айналған ерекше мереке болды.